«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2020-шы жылға қарай Қазақстан қолайлы логистикалық жағдаймен 40 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр

2020-шы жылға қарай Қазақстан үздік логистикалық әлеуетпен 40 елдің қатарына кіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ң вице-президенті Берік Қамалиев Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі вектор ретінде тиімді көліктік-логистикалық инфроқұрылым құру мәселесі бойынша ҚР Инвестициялық даму министрлігінде өткен Комитеттің көшпелі отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 18:34

«Біздің транзиттік бағыттарымыздың бәсекеге қабілеттілігін кешенді түрде арттыру шаралары бойынша, біз Бүкіләлем банкімен бірлесіп, алты бағалау көрсеткіш индексінің логистикадағы тиімділігін арттыру мақсатында логистикалық жүйенің деңгейін көтеру шараларын жасадық. Біздің мақсат – 2020-шы жылға қарай  үздік логистикалық әлеуетпен 40 елдің қатарына кіру. «100 нақты қадам» ұлт жоспарының аясында барлық нормативтік-құқықтық база жағы шешілген. Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансұлттық тасымал үшін қолайлы логистикалық жағдай жасалған»,-деп атап өтті ол.

Қазақстан логистикалық мәселеге үлкен байыптылықпен қарайды. Әсіресе трансұлттық тасымалдың маңыздылығы ерекше. 2015-ші жылы республика аумағы арқылы 50 мың контейнер өтті. ҚТЖ компаниясының экономикасын алатын болсақ, компания кірісінің 30%-н транзиттік тасымал құрайды.   

«Қытай-Еуроодақ – Қытай арқылы ішкі континенталды бағыттың контейнерлік тасымал әлеуеті 2020-шы жылға қарай 800 мыңды құрайтын болады»,-деп толықтырды сөзін «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ң вице-президенті

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика