Адами капитал

Ақтөбе облысында 234 жас отбасылар пәтер кілттерін алды

Мамыр айындағы мерекелердің қарсаңында«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасының «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша салтанатты түрде пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе29 Сәуір , 08:37

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қуантқан Әлімов қатысушыларды келе жатырған мерекелерімен құттықтап, «Нұр Ақтөбе мөлтек ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйден 234 жас отбасыға пәтерлердің кілттерін табыстады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жас отбасылар Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша пәтердің 1 шаршы метрін 90 000 теңгеден алуға мүмкіндіктері бар.

Тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Дүйсекенова Жанаргүл «Жас отбасылар» бағдарламасы бойынша құжаттар мен өтініштердің 2015 жылы тамыз айында қабылданғандығын мәлімдеді.

Бағдарлама шеңберінде некеде тұрғандарына 2 жылдан кем болмаған, ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 аспаған, сонымен қатар, балаларды (баланы) 29 жасқа жетпеген ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасылар қатысы алды.

Жас отбасылармен 8 жылдан аспайтын мерзімге жалдау шарты жасалды, осы уақыт ішінде жас отбасылар несие алулары үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарын міндетті түрде толтырып отырулары қажет. Дүйсекенова Жанаргүл атап өткендей егер отбасы 3 ай ішінде банктегі жинақтарына салым салмаған жағдайда оларды пәтерлерінен шығарып жіберулері мүмкін.

 




Яндекс.Метрика