«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қазақстанда 800 метрлік автожол туннелі салынады

Қазақстанда 800 метрлік автожол туннелі салынады, деді Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек Парламент Мәжілісі комитетінің көшпелі отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 18:19

« «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы Қытайдан Еуропаға баратын ең қысқа автожол бағыты болып есептеледі. Ол 10-12 күнге жүк тасымалдауды жүзеге асырады. Аталмыш автожол бағыты 3,5 есеге дәстүрлі теңіз жолынан қысқа болып келеді. Жобаның жүзеге асуының басынан бері 2028 шақырым ашылды», - деді Ж.Қасымбек.

 «Жезқазған – Қызылорда арасындағы жолдың сын көтермейтіні шындық.  Бірақ барлық жолдарды бір мезетте жөндеп шыға алмаймыз. Жолдың өткізу трафигі, көліктер көлемі, елді мекендердің саны тұрғысынан жолдарға басымдық беріледі», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, ҚР Премьер-министрінің Ислам даму банкінің президентімен кездесуінде, ИДБ жол салуға займдық қаражаттар мүмкіндігі жайлы сөз болған.

«Жезқазған – Қызылорда жолы «Нұрлы жол» жоспарында жоқ. Бірақта бұл жоба көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына енген. Жылдың соңына дейін қаражат қарастырып, келер жылдың басында жобаны бастауға күш саламыз», – деп уәде етті Жеңіс Қасымбек.

 




Яндекс.Метрика