Адами капитал

Ақтөбеде 9 көпбалалы отбасы «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ақтөбе қаласының әкімі Бекбол Сағын көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» үкіметтік наградаларымен марапаттады, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе28 Сәуір , 20:27

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 24 наурыздағы №213 Жарлықтарына сәйкес біздің Ақтөбе қаласы бойынша көпбалалы аналар Үкіметтік наградалар «Атлын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.

Сағын Бекбол көп балалы аналарды келе жатқан мерекелерімен, алған наградаларымен шын жүректен құттықтап, ана-әйелдің бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. Әйелдерге және олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.

Әрбір әйел әкімнің атынан отбасылық дастарханына мерекелік сыйлықтар мен гүлдер алды.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 6614 көп балалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1278, «Күміс алқа» иегерлері – 1551, «Батыр ана» - 278, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі –334, төрт және одан да көп балалылар – 3164.




Яндекс.Метрика