Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ж.Қасымбек: «Орталық-Оңтүстік» жобасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 63 млрд теңге бөлінді

«Орталық-Оңтүстік» жобасын жүзеге асыру үшін 2016 жылы 63 млрд теңге бөлінді, деді Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек Парламент Мәжілісінің көшпелі отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 17:36

«Орталық-Оңтүстік» жобасы аясында ғы  «Астана – Алматы бағыты бойынша жұмыс 2013 жылы басталды: Астана-Теміртау – 171 км немесе Алматы – Қапшағай – 104 км. Бүгінде пайдалануға 12 шақырым жол берілді. 2016 жылдың бюджеті 63 млрд теңгені құрады», - деді Ж.Қасымбек.

Ол атап өткендей, жылдың қорытындысы бойынша Астана-Теміртау және Алматы – Қапшағай учаскелеріндегі жұмыстар толық аяқталды. «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы жұмыстар 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.

Астана-Өскемен бағытындағы жолдардың құрылысына осы жылы 60,5 млрд теңге бөлінді. Бөлінген  қаржы есебінен Астана –Павлодар және Павлодар-Семей – Қалбатау бағытындағы учаскелер жүзеге асырылады.

 




Яндекс.Метрика