Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2020 жылға қарай «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА тауар айналымы 5 млн тоннаны құрайды

2020 жылға таман «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА тауар айналымы 5 млн тоннаны құрайды, деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев Парламент Мәжілісіндегі комитет отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 17:12

«Елдің шығысында көліктік – логистикалық хабын құру мақсатында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында құрғақ порт құрылды, жобаны жүзеге асыру  Қазақстанның шығыс қақпасына Еуразиялық континентке жүк тасымалдаудың орталығына айналуға мүмкіндік береді», - деді ол.

2020 жылға таман «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА арқылы 5 млн тонна жүк тасымалданады».

Айта кетейік, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қытай мен Алматы облысының Панфилов ауданы шекарасында орналасқан, 4 мың га жерді алып жатыр. Экономикалық аймақ Қытай, Шығыс Азия, ТМД елдері мен Еуропа, Парсы шығанағы және өзге бағыттардың қиылысында тұр.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика