Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жолдарды жөндеу және салу үшін 2016 жылы Қазақстанға 330 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінді – ҚР ИДМ

2016 жылы қаржыландырудың көлемі 329,8 млрд теңге қаражатына жоспарланған, бүгінгі күні жол-құрылыс жұмыстары 2 мың шақырымды қамтамасыз етті. Бұл туралы инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Мәжіліс парламентінің көшпелі отырысы барысында айтты.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 17:06

«Бүгінгі күні республика бойынша жалпы қолданыстағы автожолдардың ұзындығы 96,5 мың шақырымды қамтиды, оның ішінде республикалық жол желісінің ұзындығы 23,7 мың шақырым және жергілікті желі – 72,8 мың шақырым. 2015 жыл соңының жағдайы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 84% және 65% облыстық және аудандық маңызды автожолдары жақсы күйде сақталған»,-деді ол.

Вице-министрдің айтуы бойынша,  бүгінгі күні жол-құрылыс жұмысы республикалық маңызды 2 мың шақырымдық көлік жолдарын қамтыған және бұл жұмысқа 72 мың адам жұмылдырылды.

«2016 жылдың қаржыландыру көлемі 329,8 млрд теңгеге жоспарланған. Оның ішінде Ұлттық қордан – 151,3 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 8,2 млрд теңге, сонымен қатар жалпы сомаға халықаралық қаржы институтының қарыздары кірді: Дүниежүзілік банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия және Ислам даму банкі 170,3 млрд теңге көлемінде. Жыл қорытындысы бойынша аталмыш жобада  900 шақырым қайта құру жұмыстары жоспарланған, ағымдағы жылы жұмысқа 100 мың адам жұмылдырылады»,-деді Ж.Қасымбек.

Айта кетейік, негізгі жұмыс сегіз жобада жасалуда – бұл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының аяқталуы. Ол Қазақстанның бес облысынан өтеді және Қазақстан арқылы Қытай мен Ресейдің аумағын біріктіреді. «Орталық-Оңтүстік» жобасы және ол Астанадан Қарағанды арқылы Алматыға және Жамбыл облысына бағыт алады. «Орталық-Шығыс», Астана-Павлодар-Семей-Өскемен, Бейнеу-Ақтау, Алматы-Өскемен, Астана-петропавловск, Ақтау-Атырау және Орал-Каменка жолдары арқылы.

 




Яндекс.Метрика