Парламент

Каспийдегі паром инфрақұрылымының өткізу қуаттылығын 25 млн тонна жүк тасымалдауға жеткізеді

Каспийдегі паром инфрақұрылымының өткізу қуаттылығын 25 млн тонна жүк тасымалдауға жеткізеді, деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев Парламент Мәжілісіндегі комитет отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 16:58

« «Нұрлы жол» аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, олар ел экономикасының  дамуына қосымша серпін береді. «Нұрлы жол» саясатын жүзеге асыру аясында ҚТЖ көліктік инфрақұрылымды  дамыту саласының негізгі операторы болып сайланды.

«Өткен жылдың наурыз айында «Алматы 1- Шу» учаскесіндегі құрылыс жобасын жүзеге асыру ға кірістік. Оның ұзындығы 111 шақырымға тең. Екінші жол учаскесінің өткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Сондай-ақ, Б.Камалиев айтып өткендей, қазақстандық қуаттылық пен Каспий бассейіне жүк тасымалдау  транзиттік ахуалды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Каспийдегі паром инфрақұрылымының өткізу қуаттылығын 25 млн тонна жүк тасымалдауға жеткізеді.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика