Парламент

Қазақстанда сауда көлемі 2020 жылға дейін бір жарым есе өсіп, 1,2 трлн теңгені құрайтын болады

Аймақта сауда көлемі 2020 жылға дейін 1,5 есеге өсіп, 1,2 трлн теңгені құрайтын болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ вице-президенті Берік Камалиев Мәжіліс Парламентінің экономикалық реформа және аймақтық даму бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігімен бірге өткізген көшпелі отырысында айтып өтті.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 16:47

«Біздің аймақта сауданың негізгі драйвері ретінде Қытайдың, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдерінің нарықтары келеді. Сарапшылардың бағасы бойынша, аймақтың сауда көлемі 2020 жылға дейін 1,5 есеге өсіп, 1,2 трлн теңгені құрайтын болады»,-деді ол.

Б.Камалиев айтып өткендей, жүк тасымалының көлемі Қытай мен Еуропа арасында 117-ден 170 млн тоннаға дейін ұлғайды.

«Бұл тенденциялар Еуразиялық жер бағыты арқылы транзиттік жүк тасымалын тартуда біздің еліміз үшін үлкен мүмкіндік жасайды»,-деп толықтырды ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика