«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Жезқазған – Қызылорда жолын жөндеу жұмыстары 2017-ші жылы басталады – ҚР ИДМ

ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму Комитетінің ҚР Инвестиция және даму министрлігінде өткен көшпелі отырыснда Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Жезқазған – Қызылорда тас жолының қатты жабынының жоқтығы проблемасын көтерді.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 16:32

«Шынымен ондай мәселе бар, бүгінгі таңда Жезқазған – Қызылорда тас жолының жоғарғы қатты жабыны расымен жоқ, тек бағыты ғана бар. Бұл жерде жағдай былай, бір уақытта барлық жолды жөндеуге мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан белгіленген басымдықтар бар»,-деді ҚР Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек.

ҚР ИДМ министрінің орынбасары жақында ҚР Премьер-Министрінің Ислам банкі президентімен кездесу өтіп, ИДБ жол құрылысы үшін қарызға қаржы бөлуге мүмкіндік бар екенін айтқаны туралы атап өтті.

«Жезқазған – Қызылорда тас жолы «Нұрлы жол» жоспарында жоқ. Бірақ, бұл жоба көліктік-логистикалық инфроқұрылымды дамыту бағдарламасында бар. Жыл соңына дейін, қаржы көздерін тауып, келесі жылдың басында бұл жобаны қолға алатынымызды айтқым келеді»,-деп уәде берді Ж.Қасымбек.




Яндекс.Метрика