Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Теміржолды жөндеуге жүзден астам жол машиналары пайдаланылды

Теміржолдағы жөндеу жұмыстарына машиналандырылған жол дистанциялары іске кірісті. Оңтүстік өңірде темір жолды жөндеу жұмыстары жылдағыдан бір ай ерте басталды. Бұл көктемнің ерте келуімен байланысты болды, деп хабарлады ҚТЖ АҚ.
Казахстан29 Сәуір , 08:59

Ауыр жол машиналары алдымен жолаушылар және контейнерлік пойыздары көп жүретін, қозғалысы өте көп телімдерде басталды.

Қазірдің өзінде жоспардағы 554 шақырым жол түзетілді. 29,4 шақырымда жолдың үстіңгі қабаты тазартылды. 1110 шақырымда рельс егеліп, тазартылса, 197 шақырымда түзетілді. 227 шақырымдағы бағыттауыш бұрмалар түзетілді.

Оның сыртында, жол машиналарының көмегімен 82 шақырымда алдын ала түзету мен 59 шақырымда бағыттауыш бұрмалар ауыстырылды.

Осылайша биылғы жылы жоспарлы түрдегі алдын ала 6630 шақырым жол түзетіліп, жолтабанының үстіңгі қиыршық қабатының 430 шақырымы, рельстің 6000  шақырымы егеліп, түзетілетін болады. 1100 бағыттауыш бұрма түзетіліп, 210 бағыттауыш бұрма жаңартылмақ.

Жөндеу жұмыстарына жоғары технологияға негізделген кешенді техникалар -«Duomatic», рельс егеу әрі тегістеу жұмыстарына арнайы

«Атлас» пойызы, «Unimat» жол машинасы ,  «Дesek» машинасы, RM қиыршық тазалау машинасы, жол түзетуші –ПРБ қолданылуда.




Яндекс.Метрика