Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

БЖЗҚ-да зейнетақы жасына жеткендерге өтінішсіз төлем беруді автоматтандыру ұсынылды

«БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев зейнетақы жасына жеткендерге өтінішсіз төлем беруді автоматтандыруды ұсынды. Бұл ұсынысты Р.Ерденаев Парламент Сенатындағы бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры қызметіне арналған жиында айтты.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 16:14

«БЖЗҚ аясындағы корпоративтік стратегияға сәйкес, біздің алдымызда нақты тапсырмалар тұр. Бірінші – тұтынушыларға сапалы  зейнетақылық қызмет көрсету. Олар халықаралық стандартқа сай болуы керек. Бұл мақсатты жүзеге асырудың бірі  – электрондық қызметті дамыту болып табылады. Біз зейнетақыға қатысты өтініш беруді, есеп ашудың барлығы электронды түрде жүзеге асқанын қалаймыз. Біз осылай бизнес үрісті қалыптастырғымыз келеді», - деді ол.

Мысал ретінде басқарма төрағасы «БЖЗҚ-да зейнетақы жасына жеткендерге  өтінішсіз төлем  беруді автоматтандыру ұсынылды».

«Ол үшін біз мәліметтер базасын мемлекеттік базалармен үйлестіруіміз керек. Сондай-ақ, біз call-орталықтың құрылуын қарастырып жатырмыз. Зейнетақы қорының мәдени түрде жиналуын қарастыруымыз керек», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика