Басқару

БЖЗҚ қазақстандықтардың сенімін қалыптастыру үшін жұмыс істеуге ниетті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың сенімін қалыптастыру үшін жұмыс істеуге ниетті. Ол бұл істі ел халқының қаржылық сауатын көтеруден бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ң басқарма төрағасы Руслан Ерденаев ҚР Парламенті Сенатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі мен оның даму перспективасы мәселелері бойынша өткен кездесу барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 15:57

«Халық сенімін қалыптастыру жұмыстарының екінші мақсаты ол, жинақтаушы қор жүйесі мен оның операторларына деген сенім болып табылады. Бұл жерде біз өзіміздің коммуникациялық стратегиямызды жүзеге асыруға ниеттіміз. Айталық, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен оның рөлі мен маңыздылығын және БЖЗҚ-ң қызметі туралы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтетін боламыз»,-деп хабарлады ол.

Р.Ерденаевтың сөзінше, жұмысты халқтың қаржылық сауатын көтеруден бастауды жоспарлап отыр.

«Мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржыны сақтау, зейнетақы жинағының қажеттілігі туралы арнайы пән болуы керек. Бұл тұрғыда біздеи жұмыс істейтін боламыз»,-деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ-ң басқарма төрағасы.




Яндекс.Метрика