Қазақстан және БҰҮ

Қазақстан мен Либерия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады

2016-шы жылдың 27-ші сәуірі күні Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы өкілі Қайрат Әбдірахманов пен Либерия Республикасының уақытша сенімді істер елшісі Джордж Паттен екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен Коммюникеге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде28 Сәуір , 17:51

Қол қою салтанаты кезінде тараптар екіжақтылы деңгейде ынтымақтастық перспективалары мен БҰҰ-ң күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.  Олардың қатарында  - тұрақты даму мақсаты, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтауды дамыту сияқты тағы да бірқатар мәселелер бар. Тараптар мемлекет арасындағы, әсіресе білім саласында өзара ұтымды байланысты кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Қазақстандық тарап Либери Республикасының «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне қатысуға ниет танытқандары үшін алғыс білдірді.

Анықтама үшін: Либерия Республикасы – Батыс Африкадағы мемлекет. Онда 4 млн. халық тұрады. Басқару формасы – республика; астанасы – Монровия. 1945-ші жылы Либерия БҰҰ-ң құрылтайшы-мемлекеттердің бірі болып тіркелген. Бұл елде ірі минералды ресурстар бар. Айталық, руда, алтын, алмас бар. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық, орман, гидроэнергетикалық әлеуеті де бар. Либерияның негізгі экспорттық тауары кофе, какао және алмас.




Яндекс.Метрика