Қазақстан және БҰҮ

Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастық мәселелері Братиславта талқыланды

Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов Братиславта Словакия Республикасының сыртқы және еуропа істері Министрлігінің мемлекеттік хатшысы Лукаш Паризекпен, Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Растислав Хованцпен және Конституциялық-құқықтық комитет Ұлттқы кеңесінің төрағасы Роберт Мадеймен кездесті.
Әлемде 28 Сәуір, 18:52

Аталмыш кездесулердегі негізгі мақсат Словакиядағы парламенттік сайлау мен жаңа Үкіметтің құрылуына байланысты жаңадан тағайындалған ресми лауазым иелерімен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың түрлі салалар бойынша болашақтағы преспектикаларын қайтадан бір пысықтап, нығайту, деп хабарлайды ҚР СІМ.

«Тараптар парламентаралық, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша келісімдер жасады. Осыған байланысты Словакияның сыртқы және еуропа істері жөніндегі Министрі Мирослав Лайчактың осы жылы Астанаға келуге жоспарлаған сапары бұл жұмыстарға айтарлықтай серпін береді», -делінген хабарламада.

Қазақстан елшісі словакиялық серіктестерге еліміздің экономтикасы мен қоғамды жаңғырту бағытындағы жұмыстардың жалғасып, жаңа экономикалық саясат негізінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты бағдарламалардың іске асырылып жатқаны туралы толығырақ айтып берді. 





Яндекс.Метрика