Халықаралық интеграция

ҚР Үкіметі АҚИҰ бастапқы жұмысы үшін 749 мың доллар бөлді

Қазақстан Үкіметі АҚИҰ алғашқы қызметі үшін 749 мың доллар көлемінде қаржы бөледі. Бұл туралы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымы хатшылығының бас директоры Ержан Жалмұханов ИЫҚ азық-түлік қауіпсіздігіне арналған жетінші сессиясының брифингінде айтты.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 14:07

«Бүгін ҚР атынан ресми бюджет 749 мың доллар екені аталды. Бұл ҚР Үкіметінің гранты алдын ала операция жасау үшін бөлінді. Грант кеңсені қамтамасыз ету мен қажетті инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. ҚР Үкіметінің ұсынысы бойынша  біздің кеңсе 3 жыл бойы қолдауға ие болады. ҚР әлеуетінің мүше ретіндегі әлеуеті жоғары», - деді Е.Жалмұханов.

Ол жақын арада қол қойылған жарлық бойынша міндетті мүшелік түсімдер енгізіледі.

«Сондай-ақ, біз өз еркімен салынатын түсімдердің  жүйесін де енгіздік. Коммюнике аясында ИЫҚ елдері ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігіне  арналған арнайы бағдарламалар  жасақталған. Олар оған өзіндік бюджеттік қаржыларын салады», - деді Е.Жалмұханов.

Қазақстан жаңа ұйым аясында астық пен ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілетуді жүзеге асырады»Бұл жерде қазақстандық экспортшы өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашылады. Олар өнімдерін тек Орталық Азия елдеріне ғана емес, ИЫҰ елдеріне шығара алады», - деді бас директор.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика