Халықаралық интеграция

АҚИҰ хатшылығының бас директорлығына Ержан Жалмұханов сайланды

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам ұйымы (АҚИҰ) хатшылығының Бас директорлығына Ержан Жалмұханов сайланды.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 13:54

Айта кетейік, Е.Жалмұхановтың кандидатурасы Астанада өткен  АҚИҰ Бас Ассамблеясының құрылтайлық сессиясында біздің республиканың атынан ұсынылған болатын.

Жаңадан сайланған АҚИҰ хатшылығының Бас директоры журналистермен болған брифингте Қазақстанның «ИЫҰ саясатын жүзеге асыру бойынша Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдері арасында азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылықты дамыту және кедейшілікті тамырымен жоюда негізгі орындаушы»,-деп хабарлады.

«Біз жаңа ғана азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Илам ұйымының құрылған тарихи сәтіне куә болдық. Бұл 2011-ші жылы Астанада айтылған біздің Президенттің бастамасы болатын»,-деді Е.Жалмұханов.

Еске сала кетейік, Бас Ассамблеяның құрылтайлық сессиясында АҚИҰ төрағалығына Қазақстанның кандидатурасы қолдау тапқан болатын. Төраға орынбасарлары ретінде Палестина мен Кот-д Ивуар сайланған еді.

АҚИҰ-ң штаб-пәтері Астанада орналасады.




Яндекс.Метрика