ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: 14,6 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы 2016 жылы Ақтөбе облысында іске асырылады

14,6 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы 2016 жылы Ақтөбе облысында іске асырылады, деп облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында хабарлады.
Ақтөбе28 Сәуір , 17:29

Аймаққа инвестицияны тарту жұмысы жергілікті өкімет үшін басым және негізгі мақсат болып қалады. 2016 жылы Ақтөбе облысында, көбінесе, 14,6 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасын іске асыру және 694 жұмыс орындарын құру жоспарланған.

«Олардың ішінде Индустриализация картасына 4 жоба кірді және оның құны 8,1 млрд теңге: «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыты; жылына қуаттылығы 50 мың шаршы метр тұрғын үй-құрылыс зауыты; «ASBI SAT GROUP» ЖШС темір бетон бұйымдарын өндіруді кеңейту жобасы; дизель отынын өңдеу және өндіру және мұнай қалдықтары қоспасындағы мазут кешендік инновациясы, сонымен қатар «КазОйлГрупп 2009» ЖШС ішкі жуғыш және темір жол цистеріндерін сыртқы бояу»,-деді ол.

Жалпы, А.Биахметовтың айтуы бойынша, 2010 жылдан бастап Индустриализация картасы бойынша 1,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде 2016 жылдың 3 айында 37,3 млрд теңгеге. 




Яндекс.Метрика