Халықаралық интеграция

Т.Бонапаче: Қазақстан Азия– Тынық мұхиты өңірінің жаһандық серіктесі болып табылады

Қазақстан Азия – Тынық мұхиты өңірінің жаһандық серіктесі болып табылады, деді Солтүстік және Орталық Азия үшін ЭСКАТО Субөңірлік бөлімінің басшысы Тициана Бонапаче.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 13:18

«БҰҰ жауапты мүшелері бола отырып  біз Азия және Тынық мұхиты өңірінің қызығушылықтарымен санасамыз, оның ішінде кедейлікті қысқарту, экономиканы жақсарта түсу, осы орайда БҰҰДБ-мен біздің еліміз бірлескен жоба құрды. Ол азиялық, африкалық және Кариб аймағының елдерін қолдауға бағытталған жоба. Аталмыш жоба көрсетілген елдердің біліктіліктерін арттыруға бағытталған», - деді ҚР СІМ жалпыеуропалық ынтымақтастығы департаментінің директоры А.Рахметтулин.

А.Рахматуллин атап өткендей, «Қазақстан инфрақұрылым бойынша Ауғанстанда жұмыс істеп, африкалық студенттерге білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Болашақта Қазақстан Алматы қаласын Орталық Азиядағы БҰҰ халықаралық хабын таныстыруды жоспарлауда».

«Біз Алматының Орталық Азиядағы БҰҰ халықаралық хабы болып тағайындалуын қалаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, ҚР жақсы географиялық белдікте орналасқан, ол Орталық Азияда әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика