Халықаралық интеграция

Ауыл шаруашылық өндірісін арттыру 2030-шы жылға қарай 110 млн. адамның кедейшіліктен шығуына мүмкіндік береді

БҰҰ-ң пікірінше, еңбек өнімділігін арттыру экономикалық өсімнің жаңаруы мен 2050-ші жылға дейін Азия-Тынық мұхиты елдерінің тұрақты даму күн тәртібін жүзеге асыруда басты фактор болып есептеледі. Ауыл шаруашылық өнімділігін бірқалыпты көтеру 2030-шы жылға қарай Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 110 млн, адамның кедейшіліктен шығуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Азия-Тынық мұхиты елдерінің 2016-шы жылдарға экономикалық және әлеуметтік жағдайларына шолуды таныстыру кезінде ЭСКАТО-ң Солтүстік және Орталық Азия Субъаймақтық бөлімінің басшысы Тициана Бонапаче айтты.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 12:26

«Егер аймақ ішкі сұраныс есебінен тұрақты стратегиялық дамуға өтсе, ЭСКАТО еңбек өнімділігі мен еңбекақының көтерілуіне басымдық беруді ұсынады. ЭСКАТО-ң пікірінше, еңбек өнімділігін арттыру мен соған орай еңбек ақыны көтеру саясаты бұл елдердің ішкі сұраныстарын да қамтып, халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді»,-деді ол.

Осылайша, еңбек өнімділігіне жасалған Шолу кешенді және салааралық қатынасты енгізуді ұсынады. Бұл тұрғыда бірқатар елдер өздерінің даму жолдарына ертерек түседі. Яғни, аграрлық экономикадан үлкен рөл атқарып отырған қызмет көрсету жағына қарай бет бұрады.




Яндекс.Метрика