Халықаралық интеграция

СІМ-де 2016 жылға арналған Азия -Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайы таныстырылды (ФОТО)

ҚР Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы «2016 жылға арналған Азия -Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің экономикалық және әлеуметтік жағдайы» атты жыл сайынға басылымын таныстырды. Шолу Азия-Тынық мұхиты аймақтарының 24 елдерінде бір уақытта іске қосылады. ЭСКАТО 2016 жылдың қараша айында жаңартылған деректердің шолуын іске қосады.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 12:17

Осылайша, Солтүстік және Орталық Азияның ЭСКАТО Субаймақтық кеңсесінің жетекшісі Тициана Бонапаче 2030 жылдар бойынша елдер тұрақты дамудың күн тәртібін жүзеге асыру бастады деп хабарлады. Келесі Азия -Тынық мұхиты өңірінің экономикалық фазасы еңбек өнімділігінің ауқымды ұлғаюымен анықталу тиіс.

Шолудың деректері бойынша, Азия және Тынық мұхиты аймағындағы дамушы елдердің өндіріс факторларының жалпы өнімділігінің орташа жылдық өсімі 2,8% -ға төмендеді,  2000-2007 жылдары 2008-2014 жылдың деңгейінен 1 пайызға төменірек.

«Соңғы кездері еңбек өнімділігінің ұлғаюы экономикалық өсім құлдырауының жалпы деңгейінен бестен бір бөлігіне дейін ақырындады – өсімнің орташа деңгейі 9,4 пайыз.

ЭСКАТО бұл алаңдатушылық тудыратындығын айтып өтті. Өйткені экономиканың тұрақты және тиянақты өсімі және еңбек өнімділігі үйлестірілген экономикалық, әлеуметтік және экологиялық дамуда 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсатында күн тәртібіндегі табысты жүзеге асыру үшін қажетті шарт болып табылады»,-деді Т. Бонапаче.

Сонымен қатар, Шолуды іске қосқан кезде Бангкокте БҰҰ Бас прокурор хатшысының орынбасары, ЭСКАТО хатшылығының міндетін атқарушы Шамшад Ахтар нақты жалақы тұрақты өсуі ішкі сұранысты талап ететіндігін айтып өтті.

«Аймақтағы экономикалық дамуды қалпына келтіру үшін келісілген күш-жігер қажет. Осындай күш-жігер, көбінесе, фискалдық шаралар түрінде ішкі сұранысты ғана қолдап қоймай, еңбек өнімділігің өсуі аясында экономиканың өсу базасын нығайтады»,-деді ол.

Азия -Тынық мұхиты өңірінде қаражаттың бар екендігін және экономикалық өсімнің қайта қалпына келуіне байланысты динамиканың барын ескеріп, Ш. Ахтар адамдардың үлкен тарту тұрғысынан осы өсу сапасын арттыру және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері күрделі болатындығын мойындады.

Шолуда отандық және өңірлік сұранысты қалыптастыруда баса назар жасау ұсынылады. Сонымен қатар, шолуда тенденцияның көптеген бөліктерінде кедейшілікті азайту деңгейі бәсеңдегені және теңсіздіктің өсіп жатқандығы айтылып өтті.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика