Болашақтың біртұтас ұлты

ҚХА мен «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы «Мәңгілік ел» патриоттық актін талқылады

Қазақстан халқы бірлік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясына қатысушылар «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік аясындағы заңнаманы жетілдіру мәселелеріне арналды, деп хабарлады МСМ.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 15:04

Отырыс қатысушыларына арналған алғысөзінде бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуатжан Уәлиев елдегі мәдениет және спорт саласын дамыту тақырыбына кеңінен тоқталып өтті. Оның хабарлауынша, мәдениет және спорт саласындағы басты мемлекеттік орган Ассамблеяның өтіп кеткен сессиясында қабылданған  «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі соның негізінде қабылданған Қазақстан мәдени саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді.

«Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді. Құжат көпэтносты мемлекетіміздің жастарды адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалды бағытта спорт арқылы дамытуды көздейді», - деді Қ. Уәлиев.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов өз сөзінде қазақстандықтардың этносаралық қарым-қатынастары дамуының заңшығарушылық аспектісі, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін күшейту мәселесінде тоқталып өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында  Ассамблеяның құзыретін кеңейтетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар Ассамблеяның институционалды күшеюі, қоғамыдқ келісім, қазақстандық біртектілік пен келісімге сәйкесінше жағдай жасауға бағытталған», деп хабарлады Комитет төрағасы.

Сонымен қатар ол кездесу қатысушыларын құндылық негізі «Мәңгілік Ел» идеясы, азаматтық негізінде қазақстандық біртектілік пен келісімнің дамуы болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейін даму Тұжырымдамасының қабылдануы туралы хабар жеткізді.

Этномәдени бірлестіктердің басшылары Мәдениет және спорт министрлігі жүргізіп жатқан ауқымды жұмысқа қолдау білдірді. Олар қабылданған құжаттар көпэтносты Отанымыздың өмір сүрудің барлық салаларында өркендеуін қамтамасыз ететіндігіне сенімдерімен бөлісті.

«Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ретінде мемлекетімізде бұл бөлімшелердің қабылдануы, ең алдымен, елімізде әрдайым ұлтаралық және конфессияаралық келісім орын алуына негізделген Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдауға бағытталған. Сондықтан біз жұмысымызды бұл саясаттың ғылыми тұғырына, оны түсіндіру үрдісіне белсенді атсалысуға бейімдеп жоспарлаймыз», - деп Астана қаласының Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Салман Героев пікірімен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік аясындағы заңнаманы жетілдіру және этномәдени бірлестіктердің халық арасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісін түсіндіру жұмыстарын белсендету қажеттігіне бірауыздан келісті.





Яндекс.Метрика