Халықаралық интеграция

Лондонда Қазақстанның халықаралық бастамалары талқыланды

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов Ұлыбритания біріккен королдігінің сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвкдпен кездесті, деп хабарлады СІМ.
Әлемде28 Сәуір , 19:23

Кездесу барысында қазақстандық-британдық ынтымақтастықтың әлеуеті мен ағымдағы жағдайы талқыланды. Оның ішінде ивестиция, энергетика, мәдени-гуманитарлық байланыс бар. Тараптар бірқатар өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесуде Қазақстанның халықаралық бастамаларына аса назар аударылды. Ядролы қаруды таратпау, қауіпсіздік бойынша Е.Қызыханов Т.Элвудты ҚР Президентінің Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік саммитінің жұмыс қорытындысы мен «Әлем. XXI ғасыр» мәтінін тапсырды.

Тараптар бұл жолы Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасына қолдау көрсетуді ілгерілетуді талқылады.

 

 




Яндекс.Метрика