Халықаралық интеграция

Вильнюсте қазақстандық-литвалық екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Орынбасары Роман Василенко Литва астанасына іс-сапармен барып, онда Қазақстан-Литва сыртқы істер министрліктері арасында консультациялар өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Сәуір , 12:03

Литваның Сыртқы істер Вице-министрі А. Криваспен консультациялар жүргізу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, консулдық және өзге де салалардағы түрлі аспектілері талқыланды. Сонымен бірге халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, тараптар Қазақстан мен Литваның негізгі халықаралық және өңірлік проблемалары бойынша позицияларының ұқсастығын атап өтті.

Келісім-сөздер нәтижесінде Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясы, Іскерлік кеңес, Көлік және туризмды дамыту бойынша жұмыс тобы аясында, екіжақты келісім-шарттық-құқықтық базаны кеңейту мақсатында, сонымен бірге профильдік министрліктер мен ведомстволар арасында, екі елдің бизнес ортасы арасында байланысты кеңейту үшін, ынтымақтастықты үдету туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар Азиядан Қазақстан арқылы Литваға одан әрі Скандинавия елдері мен Солтүстік Еуропаға және кері бағыттағы жүктердің транзиті бойынша өзара мүдделестікті ескере отырып, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың келешегін баса атап өтті. Іс-шараларға сондай-ақ Қазақстанның Литвадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Мухамеджанов қатысты.

Р. Василенко Еуропалық Одақ және Орталық Азияның арасындағы ынтымақтастықтың өңірлік аспектісін нығайту ісінде Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Еуропалық бағыттағы Қазақстанның басымдықтары туралы айта отырып, олардың арасында 2015 жылғы 21 желтоқсанда қол қойылған Еуроодақпен кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге (КСЫК) салынған әлеуетті толығымен жүзеге асыру, Қазақстан азаматтары үшін виза режимін жеңілдету, сонымен қатар сауда-экономикалық және инновациялық-технологиялық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуді белгіледі.

Ағымдағы жылғы 30 наурызда Брюссельде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап алдағы КСЫК-ты уақытша қолдану ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар үшін маңызды оқиға болатыны және оларды сапалы жаңа деңгейге шығаратыны туралы атап өтілді.

Келіссөздер барысында Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы ЕО-пен өзара әрекеттестіктегі, оның іске асуында Литва маңызды рөл ойнайтын көлік-логистикалық бағытты дамытудағы және Қазақстан мен Орта Азияның көлік әлеуетін пайдаланудағы тәсілдері белгіленді.

Отандық дипломат сондай-ақ өзінің литвалық әріптесін су, энергетика, ядролық және азық-түлік қауіпсіздіктегі басымдықтарға баса назар аудара отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесінің орнына ҚР өтінімін ілгерілетудегі негізгі тәсілдермен таныстырды.



 




Яндекс.Метрика