Халықаралық интеграция

БҰҰ-ң азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы Астанада кеңсесін ашты

БҰҰ-ң азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесіп Астанада ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында және Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кеңсесін ашып отыр.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 11:02

«Біз Қазақстанды тек аймақтық қана емес, жаһандық маңыздағы ауыл шаруашылықтың алып мемлекеті ретінде қарастырамыз. Сіздердің ауыл шаруашылықтағы жетістіктеріңіздің маңыздылығын ескеріп, біз Қазақстанның бұдан әрі дамуына көмектеспекпіз. Біз Қазақстан Үкіметімен тығыз серіктестік бағытта жұмыс істеуге ниеттіміз және қазір біз жұмысымыздың басым бағыттарын айқындайтын боламыз. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі органикалық ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылық білім жүйесін құру, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі сияқты өте маңызды тақырыптарды көтеріп отыр»,-деп атап өтті кеңсенің ресми ашылуында FAO бас директорының Еуропа мен Орталық Азиядығы орынбасары және аймақтық өкілі Владимир Рахманин.

Оның айтуынша, азық-түлік сауда желісін сәтті жүзеге асыру үшін трансшекаралық мәселелер әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Қазір FAO осы мәселелермен айналысып жатыр.

«Қазақстанның ауыл шаруашылық әлеуеті өте жоғары. Қазір Қазақстан Орталық Азиядағы анықтайтын және үйлестіретін рөл атқара алады, деп ойлаймын»,-дедіВ.Рахманин.

 «Сельскохозяйственный потенциал у Казахстана очень высокий, и я думаю, сейчас Казахстан может играть одну из определяющих и координирующих ролей в Центральной Азии», - добавил В. Рахманин.




Яндекс.Метрика