Парламент

Сенат Қазақстан мен Македония арасында инвестициялық ахуалды жақсарту туралы келісімді мақұлдады

Сенат жалпы отырыста Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан мен Македония арасында инвестицияны өзара қорғау мен жақсарту келісімінің ратификациясы туралы» заң жобасын қабылдады.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 10:42

«Мемлекет басшысы инвестициялық ахуалдың жақсаруына ерекше мән береді. Қазіргі таңда  инвесторларға  жақсы жағдай жасау елдегі инвестициялық саясаттың басты мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан 48 келісім орнатты, оның әрбіреуі инвестициялық саланы дамытуға бағытталған. Қажетті нормативтік база мен келісімнің күшке енуі өзара инвестицияны тартудың тиімді жолы болуына барлық жағдайды жасау қажет. Македониямен келісім 20102 жылдың 2 тамызында Астанада қол қойылды», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

Келісім екіжақты қарым-қатынастың дамуына, тараптардың инвестициялық ахуалын жақсартуға, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға  бағытталады.

Келісім талаптарына сәйкес, тарап екінші тарап инвесторларына ұлттық инвесторлар немесе үшінші тараптағы елдің инвесторларына көрсеткен жағдайды осы ынтымақтастықта да қайталайды. Әрбір тарап өз аймағында екінші тараптың инвесторларына қолайлы жағдай жасап, оларға инвестиция тарту мен инвестицияларды қорғауды қамтамасыз етеді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика