Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: ИЫҰ елдері ортақ күш-қуаты арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесін қоса алады

Ислам ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер өз күштерін біріктіріп азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қоса алады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің конференциясының жетінші сессиясында оқуы барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов осылай деді.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 10:37

«Баршаңызды Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің конференциясының жетінші сессиясында көргеніме қуаныштымын. Форумның Астанада өтуіне ризашылығымды білдіремін. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында ұсынылған бастаманы қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. ИЫҰ-нің бас хатшылығның  Астанада орналасуы Қазақстанға деген аса сенімділікті көрсетеді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ислам әлемі тысқары қалмауы керек, себебі мәселе ауыл шаруашылығы мәселесін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болып отыр.

«Ислам ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер өз күштерін біріктіріп азық-түлік  қауіпсіздігін қамтуға зор үлес қоса алады.Өз кезегінде, біз ауыл шаруашылығы, көліктік-логистикалық және сарапшылық  жүйені дамытуға әзірміз. Біздің елдің әлеуетінде ИЫҰ  АҚИҰ құрамына қосылып отыр», - деп Премьер-Министр Н.Назарбаевтың үндеуін оқып берді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика