Парламент

Сенат Ж.Асановты Бас прокурор қызметіне тағайындауды мақұлдады

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Жақып Қажыманұлы Асановты ҚР Бас прокуроры қызметіне тағайындау туралы ҚР Президентінің ұсынысына келісім берді.
Нұр-Сұлтан28 Сәуір , 10:32

«Дүйсенді Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Даулбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Бас прокурор қызметінен босатылды. Конституцияның талаптарына сәйкес Президент Сенатқа ҚР Бас прокурор қызметін тағайындау туралы баяндама жасады»,-деп Қр Президент Әкімшілігінң басшысы Нұрлан Ниғматулин Мемлекет басшысының үндеуін жеткізді.  

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 4-тармағына сәйкес Мемлекет басшысы Сенаттың қарауына Жақып Қажыманұлы Асановты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындауға келісім беру туралы ұсыныс енгізген болатын»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Жақып Қажыманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласының прокуратурасында жұмыс істеген. ҚР Президенті Әкімшілігі заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 1997-2005 жылдары - ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Павлодар облысының прокуроры, ҚР Әділет вице-министрі лауазымдарында болды. 2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымына депутат болып сайланған. 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика