Инвестициялар

Алматы облысының тұрғындарына шағын несие беру үшін 600 млн. теңге бөлінді

Алматыдағы ауылшарушылық өнімдерін тікелей жеткізу жүйесін дамытуға арналған өңіраралық жиында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен Алматы облысының әкімдігі облыстың ауылды жерлердегі кәсіпкерлерін шағын несиемен қамтамасыз ету туралы ынтымақтастығы жөніндегі Келісімге үшжақты қол қойылды.
Алматы28 Сәуір , 19:54

Жиынға Алматы мен Алматы облысының әкімдері, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің өкілдері, екінші деңгейлі банк басшылары, даму институттары, бизнес және салалық ассоциация өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар аграрлық сектордың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл жерде заманауи қоймалар мен өңдеу кәсіпорындарының жетіспеушілігі, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің оңтүстік өңірлерде сақтау мен өнідірген дүниелерін өткізу проблемалары сөз болды. 




Яндекс.Метрика