Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Т.Кучера: Н.Назарбаев бүкіл әлем қоғамдастығының назарын ядролық лаңкестік мәселесіне аударды

Эксклюзив
Қазақстан көшбасшысы әлем қоғамдастығының назарын дереу халықаралық, діни экстремистік және ядролық қару қаупінен сақтанудың жолдарын қарастыру керектігіне аударды. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген Чехияның Карловск университетінің профессоры, қоғам қайраткері Томаш Кучера айтты.
Әлемде 28 Сәуір, 09:34

«Бүгінгі таңда ядролық қару адамзат баласы үшін үлкен қауіп тудыруда. Бұл үлкен ХХІ ғасырдың ғаламдық проблемасына айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Вашингтондағы ядролық қауіпсіздік бойынша өткен Саммитте сөз сөйлеп, бүкіл әлем қоғамдастығының назарын осы проблемаға аударды. Сөзсіз, бұл Қазақстанның қауіпсіз әлем қалыптастыру бағытындағы батыл қадамы. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқықты таптатпау қағидатына көңіл аудартты»,-деп есептейді Т.Кучера.

Оның айтуынша, қазақстандық Көшбасшы болашақта болуы мүмкін ядролық апаттың алдын алу керектігін меңзеп, бұл ғаламдық проблеманың қауіпсіздігі мен қалай әрекет ету керектігін ұсынды.

«Қазақстандық көшбасшы әлем қоғамдастығының назарын дереу халықаралық, діни экстремистік және ядролық қару қаупінен сақтанудың жолдарын қарастыру керектігіне аударды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық елдердің  өкілдерін өзінің сәтті бастамасын көрсету үшін диалогқа қатысуға шақырды»,- деп атап өтті чехтық қоғам қайраткері.

Фото: reu.uz





Яндекс.Метрика