Инвестициялар

ЕҚДБ Көкшетауда су тазалайтын жоба құрылысын инвестициялауды жоспарлап отыр

Алдын ала келісім бойынша Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Еуропалық жаңғырту және даму банкінің Қазақстанның астанасындағы директоры Джанет Хэкманмен Көкшетау қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасына қол қойды, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.
Нұр-Сұлтан 28 Сәуір, 09:16

Алғы сөзінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин аймақтың бәсекеге қабілеттілігін көтеруде басымдық халықтың денсаулығы мен өмір сапасын арттыру болып табылады, деп атап өтті.

Тәулігіне қуаттылығы 30 мың куб болатын су тазалау жобасының құрылыс жобасы жүзеге асатын болса, Көкшетау халықын сапалы ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы Джанет Хэкманмен кездескеніне ризашылығын білдіріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша айтып өтті.

«Бүгінгі біздің қол қойғалы отырған жобамызды қаржыландыру келісімі халықтың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Менің ойымша бұл өте перспективалы жоба. Өйткені қазір Көкшетау қаласында 160 мың халық тұрады. Біз тек осы жобамен ғана шектелмейміз, алдағы уақытта да бірігіп жұмыс істейміз, деп ойлаймын. Алдағы уақытта да біздің аймақ тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында бірлесе іс жасаймыз, деп үміттенемін»,-деді С.Кулагин.

«Біздің банктің жаңа ғимаратына келіп тұрғын алғашқы облыс әкімісіз. Біз облыс орталығы Көкшетау қаласымен жақсы таныспыз. Мынау сіздің облысыңыз бойынша біздің қаржыландырып отырған екінші жобамыз. Ерейментауда республикада алғашқы рет жел электростанциясын салдық. Менің ойымша бұл жоба әлемдік деңгейдегі ЭКСПО-2017 көрмесі үшін аса маңызды жоба»,-деп атап өтті Д.Хэкман.





Яндекс.Метрика