Инвестициялар

ҚР Президенті инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды

ҚР Президенті Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 кеңсесіндегі жиында инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Астана қаласы27 Сәуір , 18:09

«Біз Астанада ірі инвестициялық алаң құрдық. Өткен жылы Астана экономикалық форумы 3 мың инвесторды тапты, оның ішінде 500-і шетелдік. 1,5 млрд доллардың 37 меморандумы жүзеге асырылды, 4 пайыз тартылды. Іс аяғына дейін орындалмаса меморандумдардың жүзеге асырылуы қажет емес», - деді Н.Назарбаев.

Осы орайда Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев көптеген инвесторлар тек Астанаға ғана инвестиция салмайтынын айтты.

«Қазір 300 жоба жұмыста тұр, жағдайды ескере отырып көп бөлігімен келіссөздер жалғасуда. Осы жылы 120 жоба жүзеге асты, қалғаны алдағы үш жылда жүзеге асырылады», - еді министр.

Бұған Елбасы былай жауап берді: «Біз құрылысты бастаған кезде оның қандай жоба екенін білуіміз керек. Қандай қуатылығы мен кәсіпорын жайлы хабардар болуымыз міндет. Ешкімге қажеті жоқ өнімді шығарып қажеті жоқ. Оны қадағалау керек. Бұл қытайлық кәсіпорындарға да қатысты».

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика