Қалаларға шоғырлану

Н.Назарбаев Астанадағы жаңа тұрғын үйлерге балабақшаларды орналастыруды тапсырды

Астанада салынатын жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақшалар ашу қажет. Қазақстан Президентінің қатысуымен өтіп жатқан Астана қаласының дамуы мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
Астана қаласы27 Сәуір , 17:49

«Жақын жылдарда елорданың сәулеттік бейнесі жаңғыртылады және жаңа нысандармен толығады. Әуежайдың қайта жөнделуі, темір жол орамының құрылысы,  Хорегорафия академиясы, Әбу-Даби Плаза көпқызметті кешені, Жасыл орам құрылысы және т.б. 2017 жылы ЭКСПО-2017 келетін турситер үшін 24  қонақ жайлық кешен  мен 15 мың орындық ЭКСПО қалашығы салынады», - деді Ә.Жақсыбеков.

Жиында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков хабарлағандай, 2017 жылға қарай елордада 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткішін 95 пайызға жеткізілмек. 

Мемлекет басшысы құрылысқа рұқсат берер кезде, үйлердің бірінші қабатында балабақша болғанын талап ету керек деді.

 «Астанада балабақшамен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Қалада көптеген тұрғын үйлер салынып жатыр. Көрме жанында 1400 пәтер салынады. Осы үйлердің бірінші қабатында балабақшалар қарастырылған ба? Құрылысты жүргізіп жатқан компанияларға ақша, кредит беріп жатырмыз. Олардан тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақшалар ашуды талап ету керек. Үлкен сарай іспетті балабақшалар салудың қажеті жоқ. Осыны неше рет айтуға болады. Астанада қаншама үйлер, ғимараттар салынды. Бірінші қабаттарында ашылған балабақшалар қайда?Бүкіл әлемде осындай тәжірибе бар", - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика