Инвестициялар

Н.Назарбаев: Астананың қалыптасу күнінен бастап инвестицияның көлемі 6 трлн теңгеге өсті (ФОТО)

Астана 900 млрд теңге қаражатты аударып қазақстандық бюджеттің доноры болды, деп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 ұйымдастырушының кеңсесінде өткен кездесу барысында мәлім етті.
Астана қаласы 27 Сәуір, 17:37

«Бірқатар жұмыс инвестицияны тартумен жасалды, жалпы, астананың қалыптасу күнінен бастап инвестицияның көлемі 6 трлн теңгеге өсті. Құрылыстың басынан бастап – 6 трлн теңге. Өздерініз көріп тұрғандай, аз қаражат емес. Олардың ішінде 2 трлн теңге мемлекет қаражатынан бөлінді, алайда қазынаға 4 трлн теңге салықтар аударылды. Яғни, бұл пайдалы жоба болды. Өздерініз көріп отырғандай, мемлекеттің шығындары қайтадан өздеріне келді. Сонымен қатар, Астана біздің бюджеттің доноры болды. 900 млрд теңге аударылды»,-деді Мемлекет басшысы.  

Сонымен бірге, Президент «барлық 75 пайыз түсімдерді шағын және орта бизнес береді және олар жарты халықты қамтамасыз етеді» деп атап өтті.

«Яғни, Қазақстан бойынша талпынып келе жатқан деңгей бұл. Бұл барлық аймақтың талпынатын деңгейі. Астана ол астана және ол әрдайым барлық аймаққа үлгі бола білуі керек»,-деді Президент.





Яндекс.Метрика