Қалаларға шоғырлану

2016 жылы Астанада 2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда

2016 жылы Астанада 2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, деді Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жиында.
Астана қаласы27 Сәуір , 17:21

«Осы жылы біз 2 млн шаршы метр үйді салуды жоспарлап отырмыз. Тапсырмаға сәйкес, үш  негізгі бағыт бойынша кешендік құрылыс жүруде: «Мың жылдық» аллеясы, Орынбор көшесі, Тұран даңғылы. Осыған орай барлық ескі  орамдар мен саяжайларды жаңарту қарастырылған», - деді Ә.Жақсыбеков.

Оның айтуынша, бұл қаланың проблемасына айналған.

«Елорданың заманға сай сәулетінің бейнесіне  негізгі көшелерден де көруге болатын ескі жер нысандары кедергі келтіреді. Бұл үшін біз осы және алдағы жылдары ескі және аппатты жағдайдағы 228 үйді бұзып, 3500 отбасыны көшіріп, саяжай ауылдарын жоюды жоспарлап отырмыз», - дед ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика