«Көрмені өткізуді ұйымдастыру Қазақстанның тәуелсідік жылдарындағы барлық жетістігі мен елорданың бейнесін толыққанды ашуы керек. Бізде жетістіктер бар. Ол бізге мәлім. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлер арасында Астана жалпы өнімдік өсімнің 5 пайыз өсіміне қол жеткізді. Осылайша ол 2015 жылғы Қазақстан экономикасының өсімін 40 пайызға қамтыды», - деді Елбасы.
Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтеді. Шараға 100 елдің өкілі қатысады деп күтілуде.