Энергетика

Қазақстан биыл Қырғызстанға 218 млн кВтсағ дейін электр энергиясын экспорттайды

Қырғызстанмен жасалған шартқа сәйкес 2016 жылы жеткізілетін электр энергиясының көлемі 218 млн кВтсағ құрайды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев.
Астана қаласы27 Сәуір , 18:49

«Қырғызстанмен жасалған шартқа сәйкес, 2016 жылы жеткізілетін электр энергиясының көлемі 218 млн кВтсағ құрайтын болады, қазіргі таңда экспорттың фактілі көлемі 53 млн кВтсағ құрады», - деді А.Сатқалиев.

Басқарма басшысы кВтсағ-қа 9 теңге бағамен жүзеге асырылатынын айтып өтті. Аталған құнға КЕГОК тарифтері, КЕГОК диспетчерлендіру және Екібастұз ГРЭС станциясының бағасы кіреді.

«Алдында Қырғызстан Қазақстанға электр энергиясын жеткізді, яғни біз әрдайым жазғы мезгілде су жеткізумен байланысты қырғыз электр энергиясын алатынбыз. Және ҚР Үкіметінің қолдауымен алғаш рет біздің серіктестермен өзара іс-қимылдың нарықтық тетіктерін қолданамыз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Ресейдегі экспорттың күтілетін көлемі 2016 жылы 1,8 млрд кВтсағ деңгейде жоспарланған.

«Жеткізу нарықтық негізде жүзеге асырылады, яғни баға тәулік сайынғы торапты бағалар негізінде анықталады, яғни біз РФ-дағы сауда-саттыққа қатысып, бәсекеге қабілеттіміз және баға 5 теңге көлемінде ауытқиды. Бұл ҚР-да әрекет ететін қуаттылықтардың жүктелуіне, қосымша табыс алуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ол.

 

 

 




Яндекс.Метрика