Ұлттың денсаулығы

Спортшы П.Әлиев батутта секіруден Риодағы Олимпиадағы жолдама ұтып алды

Қазақстанның батутта секіру бойынша құрама командасының мүшесі Шымкенттік спортшы Пираммат Әлиев Рио-де-Жайнерода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды, деді Қазақстандық гимнастика федерациясының президенті Үміт Шаяхметова ОКҚ-да.
Астана қаласы27 Сәуір , 16:09

«Осы жылы Олимпиада ойындары Риода өтеді. Гимнастика федерациясынан екі қатысушы жолдама алды. Сабина Әшірбаева көркем гимнастика бойынша жолдама ұтса, Пираммат Әлиев батутта секіруден жолдамаға ие болды», - деді ол.

Көркем гимнастика бойынша ұлттық құраманың бапкері Әлие Юсупова айтып өткендей, көркем гимнастикадан ел намысын тұңғыш рет 17 жасар спортшы қорғайын деп отыр. 




Яндекс.Метрика