Парламент

Сенатта Қазақстан мен Македниядағы инвесторлардың қызметі туралы заң жобасы қаралды

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияны өзара қорғауды кеңейту жөніндегі Келісім ратификациясы туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы27 Сәуір , 15:21

«Келісімге 2012-ші жылы 2-ші шілде күні Македония Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада қол қойылған болатын.  Келісім қазақстандық инвесторлардың Македонияды, македониялық инвесторлардың Қазақстанда қызмет тетулері үшін қолайлы жағдай жасауды қарастырады. Сонымен қатар, елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзара тиімділігін дамытуды көздейді. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан мен Македонияның тауар айналымы 2015-ші жылы 2 млн. долларды, экспорт 0,1 млн. долларды, импорт 1,9 млн. долларды құрады. 2015-ші жылдың 1-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша, Қазақстанда македондықтардың қатысуымен филиалдар мен өкілдіктер, 8 заңды тұлға тіркелген.  Олардың ішіндегі 3-уі жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда 48 мемлекетпен осындай келісімдерге қол қойылған және 20 мемлекетпен тағы осындай келімідер жасауды дайындап жатырмыз»,- деді заң жобасын таныстырған ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек.

Заң жобасы жоғарғы палатаның жалпы отырысында қаралатын болады.

Анара Таныркулова




Яндекс.Метрика