Инвестициялар

Қарашығанақ кен орны үшін отандық газ қоспалары әзірленетін болады

Қарашығанақ кен орны үшін отандық газ қоспалары әзірленетін болады. Бұл туралы «Karaganda Invest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форумы барысында мәлім болды.
Қарағанды27 Сәуір , 19:21

Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компанияларының мердігерлері, атап айтқанда «Топан» ЖШС (Орал қ) және «Қазақстан метрология институты» РМК  (Қарағанды қ). арасында тексеретін газ қоспаларын дайындауға ұзақмерзімді шартқа қол қойылды.

Бұрын шетел жеткізушілерінен сатып алынған жергілікті мазмұндағы  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді оқшаулау арқылы дамыту бойынша бағдарламалар аясында Қарашағанақ кенорындарының қажеттіліктері үшін қазақстандық тексеру газын жеткізуді қамтамасыз ету Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг –мен қолға алынған болатын және сол 09 желтоқсан 2015 жылғы Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг пен Қарағанды облысының әкімдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысы кәсіпорындарының қатысуымен Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг және Қарағанды облысы әкімдігі арасындағы кездесулер серияларының қортындысы болды.

Айта кетейік,  бүгін Қарағанды қаласында шағын және орта бизнестің 1035 өкілі, әлеуетті инвестор-компаниялардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдері және Қиыр және Таяу шетелдері қатысушылары қатысқан «Karaganda Invest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті.

Форумды ашқан толық мәжілісте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қанапияұлы аймақтық форумдарды өткізу тарихында алғаш рет  «Karaganda Invest 2016» тек қана Қарағанды облысының емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының  инвестициялық жобаларын ұсынған алаң  болғанын айтты.

 




Яндекс.Метрика