Халықаралық интеграция

Қазақстанның ұлттық костюмдері мен тұрмыстық дүниелері Прагада көрсетілді

Қазақстанның Прагадағы елшілігі Чехияда тіркелген Ислам Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің елшілік тобы ұйымдастырған «Орнамент» көрмесінің ашылуына қатысты.
Әлемде27 Сәуір , 20:27

ҚР СІМ-ң хабарлауынша, аталмыш көрме 1-ші мамырға дейін созылады. Оның негізгі мақсаты – Чехия мен мұсылман әлемінің конфессияаралық және мәдениетаралық өзара түсіністік пен ынтымақтастығын нығайту. Көрмеде шығыс шеберлері жасаған кілемдер, картиналар, керамикалық және саздан жасалған ыдыстар, қолдан тігілген ұлттық костюмдер, сәндік бұйымдар мен басқа да заттар көрсетілді.

Көрменің ашылу салтанатына Чех Республикасының Парламент және Үкімет өкілдері, дипломаттар, қоғам өкілдері, чехиялық журналистер мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Қазақстан экспозициясында ұлттық костюмдер мен қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық бұйымдары көрсетілгенін атап өту керек.




Яндекс.Метрика