ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: ОҚО-да индустриаландыру бағдарламасы аясында 164 жоба жүзеге асқан

Оңтүстік Қазақстан облысында индустриаландыру бағдарламасын іске асыру аясында 164 жоба жүзеге асты. Онда бүгінгі таңда 14 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Б.Атамқұлов хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан27 Сәуір , 16:58

«Өнеркәсіп нысандарының құрылысын салу аясында соңғы алты жылда облысқа 229 миллиард теңге инвестиция тартылды», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, бірінші бес жылдықта Күнгейде құны 184 миллиард теңге болатын 137 жоба іске асқан. Ал екінші бес жылдықта сомасы 869 миллиард теңгені құрайтын 115 жоба жүзеге асырылып, 20 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.  

Сонымен қатар, облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриялық аймақ құрылып, жалпы аумағы 525 га құрайтын 6 индустриялық аймақ іске қосылды. Онда 143 жоба іске асырылып, 11,4 жұмыс орны ашылмақ.




Яндекс.Метрика