Инвестициялар

Қарағанды облысында әк өндіретін зауыт салынады

Қарағанды облысында әк өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы «Karaganda Invest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форумы барысында мәлім болды.
Қарағанды27 Сәуір , 18:32

«Металлургиялық, химиялық және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бірінші сұрыпты әк өндірісі бойынша зауытты салу» жобасын жүзеге асыруға қатысты Global Lime Industries ЖШС Бас Директоры Ж.Е. Жаныкұлов тұлғасынан Қарағанды облысының әкімдігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Зауыт Қарағанды облысының Осақар ауданында орналастырылатын болады. Жаңа зауытты іске қосу 105 жаңа жұмыс орындарды ашуға мүмкіндік береді

Айта кетейік,  бүгін Қарағанды қаласында шағын және орта бизнестің 1035 өкілі, әлеуетті инвестор-компаниялардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдері және Қиыр және Таяу шетелдері қатысушылары қатысқан «Karaganda Invest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті.

Форумды ашқан толық мәжілісте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қанапияұлы аймақтық форумдарды өткізу тарихында алғаш рет  «Karaganda Invest 2016» тек қана Қарағанды облысының емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының  инвестициялық жобаларын ұсынған алаң  болғанын айтты.




Яндекс.Метрика