Өңірлер

2016 жылы ақтөбелік ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 7 млрд теңгеден астам субсидия алады

2016 жылы ақтөбелік ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 7,2 млрд теңге субсидия алады, деп облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің басқарма басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлы «Ақтөбе ақпарат» ақпарат орталығында өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.
Ақтөбе28 Сәуір , 08:41

2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында жалпы өнім 142,7 млрд теңгеге көтерілгендігі байқалады және тартылған инвестиция-6,3 млрд теңгеге дейін. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне субсидияның  6,5 млрд теңге сомасын төледі. 2016 жылы субсидия 7,2 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі күні өздерінің өнімдері ақтөбелік сұранысты қамтамасыз етуде және олар көбінесе: ет,сүт, жұмыртқа, нана, көкеністер өнімі, сұйық май және бұл тізім келешекте ұлғайатын болады.

«2016 жылы әрбір ауданда ет пен сүт өндіретін кәсіпорын құру тапсырмасы қойылған. Халықты құстың етімен қамтамасыз ету мақсатында «Аққұс» құс фабрикасы үлкейіп, жаңартылуда. Сонымен қатар, жылына қуаттылығы 5000 тонна болатын құс фабрикасын құру жоспарлануда»,-деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, 2016 жылы ауыл шаруашылық кооперацины қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, индустриалды-аграрлық аймақ құру, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранысты ұлғайту жұмыстары атқарылады.

Суармалы жердің көлемі ағымдағы жылы 18,6 мың га жерге дейін ұлғайатын болады.

Өздерініз білетіндей, соңғы үш жылда Ақтөбе облысында жем-шөп дақылдарының алаңы 1,5 есеге өсті. 




Яндекс.Метрика