Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ОҚО-да шетел инвесторларының қатысуымен 24 жоба іске асуда

Еліміз бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы инвестициялық белсенділік бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады және жоғары инвестициялық әлеуетке ие,- деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Южно-Казахстанская область27 Сәуір , 16:24

Баяндамашының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 416 млрд. теңгені құрады. Инвестициялық салымдардың басым бөлігі шағын кәсіпорындардың көлемінің 61,2 пайызын құрайды. Ал, сыртқы инвестициялардың көлемі 48,3 млрд. теңгені немесе жалпы инвестиция көлемінің 12 пайызын құрады.

«Сыртқы инвестицияның көлемін ұлғайту мақсатында біздің тарапымыздан бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Облысымызға инвестицияларды тарту мақсатында Еуропа, Азия елдеріне және Ресейге іскерлік сапарлар ұйымдастырылып, нәтижесінде облыста шетел инвесторларының қатысуымен 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда»,-деді Б.Атамқұлов.

Сонымен қатар, өңір басшысы облыста 28-29 сәуір аралығында өткізілетін «Оңтүстік Инвест 2016»  Халықаралық инвестициялық форумы өңірге шетелдік инвестицияларды тарту бойынша кезекті қадам болып табылатынын айтты.

Аталған форумға 30-ға жуық мемлекеттен 600-ден аса мемлекеттік орган өкілдері мен ірі компания басшылары қатысады деп күтілуде.

Форум аясында ынтымақтастық бойынша 1,2 млрд. АҚШ долларды құрайтын 31меморандумға қол қою жоспарлануда.




Яндекс.Метрика