Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ОҚО-ның жергілікті полиция қызметінде 3 мың қызметкер бар

ОҚО-ның жергілікті полиция қызметінде 3 мың қызметкер бар, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область27 Сәуір , 15:53

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасының екінші бағыты – заңның үстемдігін қамтамасыз етуді көздейтін реформа аясында қолға алынып, жергілікті қоғамдастық алдында есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру нәтижесінде облыстағы аудан қалалардағы ЖПҚ-на 19 басшы тағайындалған болатын.

Бүгінде оның құрамында 2747 қызметкер бар болса, олардың қызметінің арқасында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылықтардың ашылуы 4,5 пайызға өсіп, «нөлдік төзімділік» 120 пайызға, айыппұл мөлшері 15 пайызға көбейді деді аймақ басшысы.

«Мәселен, облыстағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Сарыағаш ауданында құрылған «Сарбаз» еріктілер жасақтарының тәжірибесін өзге аудан, қалаларға ендіру үшін шешім қабылданып, оған жергілікті бюджеттен 40 млн. теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстағы 262 учаскелік полиция бекетінде қоғамдық кеңестер құрылып, учаскелік полиция инспекторларымен бірге 1 мыңға жуық қоғамдық көмекші кезекшілікке түсуде. Нәтижесінде бүгінге дейін, қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 65 қылмыс ашылып, 583 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталып отыр», - деді облыс әкімі.  

 




Яндекс.Метрика