Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Сауд Арабиясы Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсетіп келе жатыр

Елбасы Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Сәуір , 14:07

Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ екі елдің ұзақмерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты.

Ә. әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды. 

 

 

 




Яндекс.Метрика