Білім беру

Қазақстандағы мектеп құрылысына жеке капитал тартылады – БҒМ

Біздің мақсатымыз мектептер құрылысына мемлекеттің қатысуынан бөлек жеке капиталды тарту. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен қоғам өкілдерімен кездесуінде айтты.
Астана қаласы27 Сәуір , 12:59

«Осы жылы  бюджет есебінен салынған  34 жаңа мектепті пайдалануға беру қарастырылған, оған қоса әкімдіктер де мектептер салады. Тағы 42 жаңа мектептеің құрылысы Ұлттық қор есебінен жүзеге асырылады. Осы орайда біз үш кезекті ауысым мен апатты жағдайдағы мектептер проблемасын шешеміз», - деді Е.Сағадиев.

Министр атап өткендей, халық өсуде сондай-ақ, мектеп инфрақұрылымына қысым артуда.

«Демек, мектеп инфрақұрылымына қысым артуда. Біз оны түсініп отырмыз. Біздің мақсат  мектеп құрлысына  мемлекеттік қатысуды ғана емес, жеке капиталды да тарту. Кезеңмен қаржыландыруды барлық өңірде енгізу тұрақты қаржы нарығын құрады. Ол жеке капиталдың тартылуына себеп болады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика