Білім беру

Қазақстанда мектептердің жоғары сыныптарында пәндер санын қысқарту жоспарлануда

Қазақстанда мектептердің жоғары сыныптарында пәндер санын қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде мәлім етті.
Астана қаласы27 Сәуір , 12:54

Бұрындары  бірінші сыныптарда білімнің жаңартылған мазмұны енгізілетіндігі айтылды. Е.Сағадиев жыл сайын жаңа формат басқа да сыныптарға енгізілетіндігін айтып өтті. Жүйені енгізу жоғары сыныптарға келгенде, пәндердің санын қысқарту жоспарланған.

«Жоғары сыныптарда пәндердің саны 18-19-дан 13-14-ке дейін қысқартылады. Сол себепті оқушыларға бұл жақсы және оқытушылар үшін де жақсы. Егер біз 10 мың бала шыққан мектептердің нәтижесіне қарайтын болсақ, керісінше олардың дайындықтары жоғары. Ол олардың жоғары оқу орындарына, халықаралық университеттерге, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түскендерінен көрінеді. Бұл жерде жаңалық жоқ»,-деді министр




Яндекс.Метрика