Халықаралық интеграция

Қазақстандық делегация Нью-Йоркте өткен әлемдік есірткі проблемасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының Арнайы сессиясына қатысты

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының әлемдік есірткі проблемасы жөніндегі 30-шы Арнайы сессиясы өтті. Оның жұмысына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов бастаған Қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.
Әлемде 27 Сәуір, 13:16

Өзінің сөзінде делегация басшысы Марат Демеуов Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Алматы қаласында орналасқан Есірткі бизнесіне қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық орталығының жұмысы туралы айтты, сондай-ақ осы қауіпке қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар ұсынды.

Сондай-ақ, ол  біздің еліміздің Президентінің «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінде айтылған жаһандық стратегиялық жоспар – 2045 жоспарын әзірлеу маңыздылығына, оның ішінде есірткі заңсыз өндіру мен сатуға қарсы күрестегі жаңа қадамдарға назар аударды.

«Қазақстан бейбітшілікке, әлемде тұрақтылыққа қауіп төндіретін, әлемдік қоғамдастықтың тұрақты дамуына кедергі келтіретін есірткінің кең көлемде өндірілуіне алаңдайды. Есірткі саудасына қарсы күрес еліміздің ішкі және сыртқы саясатының басым бағыттары болып саналады. Оның негізі «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасына, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламаларына құрылған. Бүгін директивалық құжат қабылданды. Онда негізгі бағыттар – бұл есірткіге деген сұраныстың азаюы, халықаралық ынтымақтастық, әлемдік қауымдастықтағы қауіптің төмендеуі мәселелері қамтылған» деп атап өтті М.Демеуов.  

Қазақстандық делегация бес интерактивтік дөңгелек үстелдің жұмысына белсене қатысып, БҰҰ басшылығымен кездесулер өткізді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеоуов Біріккен Ұлттар Ұйымының радиосынан сөз сөйледі.

Форум делегаттары жазалау шараларының орнына есірткіге тәуелді адамдарға қатысты анағұрлым теңдестірілген «ізгі қадам» жасауға шақырды. Бұл ретте есірткі саудагерлері өздерінің қылмыстық әрекеттері үшін қатаң жауап беруі тиіс екені атап көрсетілді.

Айта кетейік, БҰҰ-ның деректері бойынша бүгінде әлемде нашақорлар саны төрт миллионнан асады. Олардың қатарына есірткіні бір рет те болсын тұтынып көргендер де енгізілді. Олардың ішінде – 27 миллион есірткіге  тәуелді адам емделуді қажет етеді. Есірткіні шамадан тыс тұтыну және есіркі тұтынумен байланысты өзге де себептердің нәтижесінде жыл сайын 200 мың адам қайтыс болады.





Яндекс.Метрика